Павлодар қаласының әкімі Ержан Иманслямның бірінші тоқсан бойынша халық алдында есеп беру кездесуі

Павлодар қаласының әкімі Ержан Иманслямның бірінші тоқсан бойынша халық алдында есеп беру кездесуі

2021 жылғы 23 сәуірде Павлодар қаласының әкімі Ержан Иманслямның бірінші тоқсан бойынша халық алдында есеп беру кездесуі өтеді.

Халықпен кездесу ZOOM-конференция арқылы онлайн-форматта өтеді. Конференция бойынша ақпараттар кездесуге бес күн қалғанда Павлодар қаласы әкімдігінің ресми сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында жарияланатын болады.

Сондай-ақ, есеп беру кездесуі Павлодар қаласы әкімдігінің Instagram және Facebook әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшалары арқылы тікелей эфирде көрсетіледі.

Тұрғындардың сауалдары Павлодар қаласы әкімінің +7 (778) 598-49-48 ватсап нөмірі және 32-55-05 нөмірлері бойынша 9 сәуір мен 22 сәуір аралығында қабылданады.