Павлодарда дзюдодан жасөпірімдер арасында турнир басталды

Павлодарда дзюдодан жасөпірімдер арасында турнир басталды

Бүгін Павлодарда облыс бойынша карантин шаралары жеңілдетілгеннен кейін дзюдодан алғашқы ашық қалалық турнир басталды. Турнир барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, көрерменсіз өтеді.

Турнирге 2005-2006, 2008-2009 жылы туылған жас категориялары бойынша облыстың барлық спортшылары қатысады.

Биыл алғаш рет "Батыр" спорт сарайының жаңа жаңартылған залында дзюдодан қалалық ашық турнир өткізудеміз. Нысанға күрделі жөндеу жүргізілді, балалар осындай жарысты асыға күтті. Осы жарыстардың қорытындысы бойынша облыс құрамасын қалыптастыру және республикалық турнирлерге қатысу үшін ең мықты спортшылар іріктелетін болады, - деді Павлодар қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ерғабылов Дәуір.

Жарыстың бірінші күні татамиге 38, 42, 46, 50, 55, 60, 66, 73, +73 кг салмақ дәрежесіндегі спортшылар шықты, ертең - 32, 35, 38, 42, 46, 50, 55, 55, 60, +60 кг салмақ дәрежесіндегі жасөспірімдер бағын сынайтын болады.

Турнирге 155 спортшы қатысады. Жарыс екі күн бойы жалғасады.