Павлодар қаласы әкімінің қорытынды есеп беру кездесуі

Павлодар қаласы әкімінің қорытынды есеп беру кездесуі

Құрметті павлодарлықтар! 2021 жылғы 10 ақпан күні сағат 11:00-де Павлодар қаласының әкімі Ержан Иманслямның қорытынды есеп беру кездесуі өтеді.

Кездесуді «Ertis» және «Ирбис» телеарналарының тікелей эфирінен көре аласыздар.

Сондай-ақ, келесі әлеуметтік желілер арқылы да тікелей эфир жүргізілетін болады:

- ZOOM платформасы (конференция  идентификаторы - 620 410 6466; кіру коды - 7182), қосылатын сілтеме stories-те;

- Facebook әлеуметтік желісі - Павлодар қаласының әкімі Е. Иманслямның ресми парақшасында;

- Instagram әлеуметтік желісі - Павлодар қаласы әкімдігінің @akimat.рavlodar, сондай-ақ, «Рavlodarnews»,  «Pavon.kz» ақпараттық агенттіктерінің @pavlodarnews.kz және @pavlodar.оnline ресми парақшаларында;

Тұрғындар қала әкіміне сауалдарын ZOOM конференциясы, 109 «жедел желі» телефоны бойынша және әлеуметтік желілердегі тікелей эфирде жазба қалдыру арқылы қоя алады.

Сонымен қатар, әрбір павлодарлық 4-9 ақпан аралығында, жұмыс күндері сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін «Open Pavlodar» фронт-кеңсесінде (Кривенко к-сі, 25) Павлодар қаласының әкімі Е.Иманслямға өзінің бейнеөтінішін қалдыра алады.

Құрметті Павлодар қаласының тұрғындары, сіздерді қала әкімі Е. Иманслямның қорытынды есеп беру кездесуіне белсенді қатысуға, өздеріңізді толғандырған сауалдарыңызды қоюға және сіздермен бірге сүйікті қаламызды одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар енгізуге шақырамыз!