Павлодарда көпқабатты тұрғын үйлердің ауласын қардан тазарту жұмыстары жалғасуда

Павлодарда көпқабатты тұрғын үйлердің ауласын қардан тазарту жұмыстары жалғасуда

Қар массасының қалың түсуіне байланысты көп қабатты тұрғын үйлерге қызмет көрсететін ұйымдар аулалардағы қарды тазалау жұмыстарын бастады.

Кондоминиумның жалпы мүлкін күтіп ұстау ережелеріне сәйкес, тұрғын үйлерге тиісті аумаққа ПИК, ПИТК қызмет көрсетуі тиіс. Егер осы жұмыс түрлері тарифте көзделмеген болса, онда жұмыстар тұрғын және тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің өз қаражаты есебінен жүргізіледі.

Қазіргі уақытта көпқабатты үйлердің 50 ауласы қардан тазартылды. Барлығы 20 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.

Аталмыш сұрақ Павлодар қаласы тұрғын үй инспекциясы бөлімінің мамандарының қатаң бақылауында. Көп қабатты тұрғын үйлердің тұрғындарына ПИК ұйымдарымен түсіндіру жұмыстары тұрақты негізде жүргізіледі.

ПИК қызметіне қатысты барлық сұрақтар бойынша қала тұрғындары қаланың тұрғын үй инспекциясы бөліміне 65-04-60 телефон нөмірі бойынша, сондай-ақ, Instagram әлеуметтік желісіндегі @zhil.inspektsiya ресми парақшасына хабарласа алады.