Барлық деңгейдегі әкімдердің халық алдындағы есеп беру кездесулері жалғасуда

Барлық деңгейдегі әкімдердің халық алдындағы есеп беру кездесулері жалғасуда

Бекітілген кестеге сәйкес, бүгін Павлодар қаласының әкімі Ержан Иманслям және Ленин кентінің әкімі Маржан Алшымбаева 2020 жылы атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады.

Өткен жылы Ленин кентін абаттандыру жұмыстары аясында: жолдарды орташа және ағымдағы жөндеу, жиек тастарды орнату, тұйық көшелерге қиыршық тас төсеу жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, жарықтандыру жұмыстарына көп көңіл бөлінді. «ПРЭК» АҚ кент аумағында ұзындығы 5,3 км, қуаты 04квт № 33 КТП электр берудің әуе желілерін қайта жаңарту бойынша инвестициялық жоба іске асырылды, Сарыарқа, Ж. Аймауытов, Надиров, Мәметова көшелеріндегі 180 ағаш тіректерді темір-бетонға, сондай-ақ, ССП-ға болат сымдарды кабельдерге ауыстыру жүргізілді.

Онлайн-трансляция барысында тұрғындар қала әкімі мен ауыл әкіміне өздерін толғандырған сауалдарын қоя алды.

Ауыл тұрғындарын биылғы жылы кентішілік жолдарды жөндеу жұмыстары жалғасын таба ма деген сұрақтар қызықтырды. Маржан Алшымбаева ұзындығы 24 км жолға жөндеу жасауға сметалық құжаттама әзірленіп, қаражат бөлуге бюджеттік өтінімдер берілгенін атап өтті.

Сондай-ақ, әлеуметтік желілер арқылы тұрғындар кенттегі қараусыз қалған үйлер бойынша қандай жұмыстар жасалатынын сұрады. Ауыл әкімі қазіргі уақытта аталған үйлер бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын түсіндіріп, қараусыз қалған тұрғын үйлердің иелерін анықтау үшін тиісті органдарға сұраныс жолданды деді.

Ауылды абаттандыру, 38-ші бағыттағы автобустар санын арттыру, су құбыры құрылысы және т.б. қатысты қалған сұрақтарға тұрғындар толық жауап алды.