Облыс орталығында әкімдердің есеп беру кездесулері жалғасуда

Облыс орталығында әкімдердің есеп беру кездесулері жалғасуда

Жетекші ауылы тұрғындарының алдында онлайн-режімде Павлодар қаласының әкімі Ержан Иманслям және ауыл әкімі Есімхан Құрмантаев баяндама жасады.

2020 жылы Жетекші ауылында көше бейне-бақылау камералары, М.Мәметова көшесінде балалар алаңы және Школьная көшесінің бойында стрит-воркаут алаңы орнатылды, сонымен қатар, ЖТҚ ауданындағы көше  жарықтандырылды.

Өткен жылдың тамыз айында «ПРЭК» АҚ Мұхтар Әуезов, Мәшһүр Жүсіп, Алаш Орда, Қыз Жібек, Қобыланды батыр көшелері бойынша №40 КТП, № 33 КТП электрмен жабдықтау желілері мен тіректерін қайта жаңарту жұмыстарын бастады. «Ауыл - ел бесігі» жобасы аясында жолдарға орташа жөндеу жүргізілді. Ауылдағы көшелердің жалпы ұзындығы 26,5 км. құрайды, оның 16,8 км. асфальт жабыны бар. Ағымдағы жылы ауыл жолдарының қалған 9,7 шақырымын жөндеу жұмыстары жоспарланған.

Дәстүр бойынша, ауыл тұрғындары ZOOM платформасы арқылы ауылды абаттандыру бойынша өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Мәселен, ауыл тұрғындарын ауыз су сапасын жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар қызықтырды. Есімхан Құрмантаев сумен жабдықтау желілерінің құрылысын жүргізіп жатқан «Көлсай Строй» ЖШС мердігерлік ұйымы ауыл аумағындағы қолданыстағы су мұнараларында тазарту сүзгілерін орнататынын хабарлады.

Қалған сұрақтарға тұрғындар толық жауап алды.