Сенбі күні Павлодар облысында ауылшаруашылық жәрмеңкесі өткізілмейді

Сенбі күні Павлодар облысында ауылшаруашылық жәрмеңкесі өткізілмейді

Өткізілмеудің себебі коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдайға байланысты шектеу шаралары болды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының хабарлауынша, өңірде 17 қаңтарда бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің «Павлодар облысының аумағындағы шектеу карантиндік шаралары туралы» қаулысы жарияланды.

«Осыған байланысты 23 қаңтарда эпидемиологиялық жағдай жақсарғанға дейін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтпейді», – делінген ведомство хабарламасында.

Еске сала кетейік, бұған дейін қысқы кезеңде әлеуметтік сауда екі аптада бір рет өткізілетіні хабарланған болатын.