
Павлодар қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 2026 жылдың 1 қазанынан бастап платформа арқылы тұрғын үй сертификатын алуға өтініштер қабылдау басталатынын хабарлайды «Кезекте.kz» тұрғын үй сервистері бөлімінде өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) арқылы «Amanat» ақпараттық жүйесін таңдаңыз.
Тұрғын үй сертификаты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес алушылардың белгіленген санаттарына жататын азаматтарға беріледі («тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 187 бұйрығы).
Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының мөлшері мен тізбесін жергілікті өкілді органдар (мәслихаттар) айқындайды.
Павлодар облыстық мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 240/27 шешімімен азаматтарды алушылар санаттарының тізбесі бекітілді.
Бұл тізімге келесі санаттар кіреді:
Тұрғын үй сертификатына жүгіну ипотекалық тұрғын үй қарызын беруге Банктің мақұлдау хатын алғаннан кейін жүзеге асырылады.
Тұрғын үй сертификатын алу үшін өтініш беру және қолданыстағы заңнамада көзделген құжаттарды ұсыну қажет (тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларын бекіту туралы)
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 187 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 30 мамырда № 36186 болып тіркелді.) өтініш берер алдында жүктелуі тиіс қағаз форматтағы зейнетақы аударымдары туралы мәліметтерді қоса алғанда.
Әлеуметтік көмек ретінде тұрғын үй сертификатын алуға өтініш беруге арналған құжаттар тізімі
Өтініш берушінің отбасының жиынтық табысы ағымдағы қаржы жылына арналған заңнамада белгіленген айына ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген көрсеткішінен аспауға тиіс (2026 жылы ең төменгі күнкөріс деңгейі 50851 теңгені құрайды).
Тұрғын үй сертификатының мөлшері бастапқы жарна сомасының 100% - на дейін, бірақ 1,5 млн теңгеден аспайды.
Қосымша ақпарат 8(7182) 32-11-97 телефоны бойынша немесе Павлодар қ.Кривенко к-сі, 25 мекенжайы бойынша.
Тұрғын үй сертификаты азаматтарға тұрғын үй сатып алу кезінде мемлекеттік қолдау көрсету мақсатында беріледі.