
2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылды.
Атап айтқанда, Мектеп және Алаш Орда көшелеріне орташа жөндеу жүргізілді. Электрмен жабдықтау жүйесінің сапасын арттыру үшін жаңа трансформаторлық қосалқы станциясы мен электр беру желісі салынды. Сондай-ақ, ауыл аумағын абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары атқарылды.
Қала әкімі бүгінде Мойылды ауылындағы көшелердің 97 пайызына асфальт төселгенін атап өтті. Елдімекенде қажетті әлеуметтік инфрақұрылым толық қалыптасқан. Мұнда мәдениет үйі, дене шынықтыру-сауықтыру кешені және білім беру ұйымдары жұмыс істейді.
Жылдың екінші жартыжылдығында ауылды абаттандыру жұмыстары жалғасады. Бірқатар көшеге қиыршық тас төселіп, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған жаңа жобалар жүзеге асырылады.