Павлодарлықтар қарды полигонға тегін шығара алады

Павлодарлықтар қарды полигонға тегін шығара алады

Павлодар қаласының коммуналдық қызметтерімен Павлодар қаласының көшелеріндегі қарды тазалау және шығару бойынша жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.

Қазір бұл жұмысқа ПИК және қызмет көрсететін ұйымдар да қосылды, олар тұрғын үйлердің аумақтарын қардан тазартуға кірісті.

Сондай-ақ, жеке секторлардың тұрғындары, қала кәсіпорындары және бизнес өкілдері өздерінің аулаларын қардан тазарту жұмыстарын дербес жүргізеді.

Қалада қарды шығаруға арналған жалпы ауданы 48 га полигон бар. Қарды шығаруға арналған полигон Павлодар қаласының өнеркәсіптік аймағында орналасқан.