Мектептер онлайн режимде

Мектептер онлайн режимде

Қалалық білім бөлімінің мәлімдеуінше, Павлодар қаласының мектептерінде 46 мың оқушы білім алуда.

14 мың оқушы дәстүрлі форматта, қалғаны қашықтықтан білім алуда. Екінші тоқсан Павлодар оқушылары үшін бірінші тоқсан сияқты басталды - бастауыш сыныптар үшін кезекші сыныптар жұмыс істейді, ал жоғары сынып оқушылары қашықтықтан білім алады.

Екінші тоқсанда балаларын кезекші сыныптарға ауыстырғысы келетіндердің саны біршама артты. Жыл басында мектепке 14 339 бастауыш сынып оқушысы барса, қазір – 14 448. Кезекші сыныптарда бос орындар болған жағдайда ата-анасының өтініші бойынша оқыту форматын өзгертуге болады. Кезекші сыныптарға созылмалы аурулары жоқ балаларды жібереді. Мектептердегі сабақтарға COVID-19 науқастарымен байланыста болғандар, қарттар мен жүкті қызметкерлер қатыса алмайды. Учаскелік терапевтің анықтамасынсыз үш күннен артық жұмыста болмаған мұғалімдер сабаққа жіберілмейді және шетелден келгендер екі апта бойы карантинде қалуы керек.

Павлодар қаласының білім беру бөлімімен жүргізілген мониторинг оқушылардың қашықтықтан сабақ алу салдарынан бағдарламадан қалыс қалмайтынын көрсетеді. Білім беру платформалары штаттық режімде жұмыс атқаруда. Балалар интерфейс және платформалардың жұмысына үйренді. Бірінші тоқсан қорытындысы бойынша Павлодарда 19 кезекші сынып пен № 34 мектеп карантинге жабылды. Бүгінгі күні олардың барлығы штаттық режімде жұмыс істеуде.