Павлодарда жаңа әлеуметтік дүкен ашылды

Павлодарда жаңа әлеуметтік дүкен ашылды

Азық-түлікті қолжетімді бағамен сатып алуға болатын тағы бір нүкте Н.Назарбаев даңғылы, 99/1 мекенжайы бойынша ашылды. Павлодарлықтарға азық-түлік, ет, тауық еті, нан, сүт, шұжық, ірімшік, кәмпит, көкөніс, ұлттық өнімдер бөлімі (құрт, қоспа, талқан) бөлімдерінің кең сұрыпталымы ұсынылған.

Дүкенде тауарларды делдалсыз тікелей өндірушінің бағасымен сату ұйымдастырылған. Павлодарда барлығы 37 әлеуметтік дүкен бар, олардың 4-і ауылдық жерлерде орналасқан. Олардың әрқайсысында тұрақтандыру қорынан өнімдер сатылады: күріш, қарақұмық, макарон өнімдері, тұз, сәбіз, ұн, күнбағыс майы, қант.

Тұтыну нарығында бағаны тұрақтандыру және негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында  Павлодар қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі 30-дан астам Павлодар қаласының өндірушілерімен және 16-дан астам облыс пен қаланың көкөніс өсіру шаруашылықтарымен қаланың әлеуметтік сауда нүктелеріне тікелей көкөніс өнімдерін жеткізу туралы меморандум жасасты. 

Фото: Станислав Манаков