Қала әкімі Хасар Хабылбеков дарынды жерлесіміз – Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мектептің оқушысы Бағдат Жанәлімен кездесті

Қала әкімі Хасар Хабылбеков дарынды жерлесіміз – Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мектептің оқушысы Бағдат Жанәлімен кездесті

Қала әкімі Хасар Хабылбеков облыс әкімінің Асаин Байханов атынан халықаралық деңгейде Павлодар облысы мен Қазақстанның абыройын асқақтатып жүрген дарынды жерлесіміз – Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мектептің оқушысы Бағдат Жанәлімен кездесті.

Өңірімізде талантты жастарды қолдауға ерекше көңіл бөлінеді. Білім алуға, халықаралық жарыстарға қатысуға және дарынды балалардың әлеуетін ашуға барлық қажетті жағдай жасалып келеді.

Бағдат «Atlantis» командасының құрамында робототехника саласында жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Ол АҚШ-тың Хьюстон қаласында өткен FIRST әлем чемпионатының жеңімпазы атанды, Almaty Tech Cup 2025 турнирінде Орталық Азияның абсолютті чемпионы болды. Сондай-ақ Түркияда өткен Fibonacci Eurasia Robot Olympiad халықаралық олимпиадасында күміс жүлдеге ие болып, Рим қаласында өтетін әлемдік финалға жолдама жеңіп алды.

Жанәлінің жетістіктері – табандылықтың, білімге деген құштарлықтың және мақсатқа ұмтылыстың жарқын көрінісі.

Жанәліге зор денсаулық, шығармашылық шабыт және жаңа белестер мен толайым жеңістер тілейміз!