
15 наурыз күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды.
Ел президенті қашанда еңбек пен кәсіби біліктіліктің маңызына ерекше мән береді. Ол: “Еңбек адамы – ел экономикасының басты қозғаушы күші”,- деп баса айтты.
Павлодар өңірі Қазақстанның индустриялық жүрегі саналады. Ондаған ірі кәсіпорындар мен мыңдаған мамандар күн сайын қаланың дамуына өз үлесін қосуда. Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында экономика нығайып, жас ұрпақтың болашағы қалыптасып келеді.
Еліміздің басты құндылығы – адам. Конституцияға ұсынылып отырған өзгерістердің өзегінде де адамға бағдарланған қағида жатыр. Олар ұзақ мерзімді даму, әділеттілік және заң үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған.