Құрметті Павлодар қаласының тұрғындары! 2026 жылғы 15 наурызда Қазақстан Республикасаның жаңа Конституциясының жобасы бойынша республикалық референдум өтеді

Құрметті Павлодар қаласының тұрғындары! 2026 жылғы 15 наурызда Қазақстан Республикасаның жаңа Конституциясының жобасы бойынша республикалық референдум өтеді

Референдум қатысушыларының тізімін жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер) тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеудің негізінде жасайтынын назарларыңызға жеткіземіз. Тұрақты тіркеуі жоқ немесе дауыс беретін күні тіркелмеген орында болуды жоспарлайтын азаматтарға дауыс беретін күнге дейін 30 күннен кешіктірмей қала әкімдігіне (қала әкімдігі, Қайырбаев к-сі, 32, 408-каб. мекенжайы бойынша) өтініш беру қажет.

Аталған құқықты:
- дауыс беретін күні тіркеу орны бойынша болмайтыны белгілі болған азаматтар;

- жоғары және орта арнаулы оқу орындарында оқитын және жатақханадан тыс тұратын басқа қаладан келген студенттер;

- вахталық әдіспен жұмыс істейтін азаматтар қолдана алады.

Тізімдегі деректерді +7 (7182) 32-00-36 нөмірі бойынша Павлодар қаласы әкімдігінің Call-орталығы арқылы не өз деректеріңізді +7 777 252 4744 WhatsApp нөміріне жіберу арқылы тексеруге болады.

Call-орталықтың жұмыс кестесі:
дүйсенбі-жұма – сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін (үзіліс 13.00 - 14.30);
сенбі – сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін.

Павлодар қаласының тұрғындарын белсенді азаматтық ұстанымын білдіруге және референдумға қатысуға шақырамыз!