Қала әкімі қаланың жеке сектор аумақтарындағы қарды тазалау және шығару жұмыстарының барысын тексерді

Қала әкімі қаланың жеке сектор аумақтарындағы қарды тазалау және шығару жұмыстарының барысын тексерді

Аталған жұмыстарға қалалық қызметтер 9 қаңтардан бастап кірісті. «Зеленстрой» шағынауданында жұмыстар толық аяқталды. «2 Павлодар» шағынауданында 33 көшенің 7 көшесінде қазіргі таңда жұмыстар аяқталды. Тазалау бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде.

Жеке секторда қарды шығару бойынша негізгі жұмыстарды ақпан айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Наурыз айында су тасқынына қарсы іс-шаралар аясында қарды қайтадан шығару және тазалау күшейтілген режимде ұйымдастырылады.

Қазіргі уақытта жеке сектордағы жұмыстарға 10 бригада және 70 бірлік арнайы техника жұмылдырылған.

Хасар Хабылбеков қаланың магистральдық көшелерін тазалау қарқынын төмендетпеуді, сондай-ақ аялдама павильондарының, жаяу жүргіншілер өткелдерінің және тротуарлардың уақтылы тазалануын қамтамасыз етуді тапсырды.