Облыс орталығында мониторингтік топтың рейдтері жалғасуда

Облыс орталығында мониторингтік топтың рейдтері жалғасуда

2020 жылғы 25 қазанда қалалық прокуратура, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының, Павлодар қаласы әкімдігінің және жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерінен тұратын монитрингтік топ эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтау бойынша облыстың бас санитарлық дәрігерінің карантин режимі туралы қаулысын бұзудың 5 фактісін анықтады.

Сағат 23:00-де (белгіленген жұмыс уақытынан кейін) Ак. Шөкин көшесі, 3/1 мекен жайы бойынша орналасқан «ТUDA» мекемесі жұмыс істеп тұрды.

Тексеру жүргізу үшін мекемеге кіру мүмкіндігі болмады. Мониторингтік топ тексеріс жүргізу үшін ғимаратқа бір сағат өткен соң ғана кіре алды. Аталмыш мекемеде 153 келушілердің болу фактісі анықталды.

Барлық фактілер бойынша материал ҚР ӘҚБК 425-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін Павлодар қаласының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жиналып, жіберілетін болады.