Павлодарда әлеуметтік сала қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

Павлодарда әлеуметтік сала қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

Бүгін қалалық әкімдікте әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Бұл мереке жыл сайын қазан айының соңғы жексенбісінде атап өтіледі. Қала әкімі Ержан Иманслям әлеуметтік қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтады.

- Сіздердің өмірлік қиын жағдайға тап болған мүмкіндіктері шектеулі адамдарға, қарттарға, жетім балаларға күнделікті қызмет етудегі еңбектеріңіз соңғы жылдары барынша құрметке ие болуда. Бүгінде сіздер олардың көпшілігінің отбасын, жақындарын және туыстарын алмастыра отырып, қиын өмірлік жағдайларда қолдау білдірудесіздер. Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын және күнделікті атқарып жатқан жұмыстарыңыз қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға нақты пайда әкелсін деп тілеймін, - деді Ержан Иманслям.

Қала әкімі үздік әлеуметтік қызметкерлерге, мемлекеттік қызметкерлер мен ҮЕҰ өкілдеріне құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табыс етті. Сонымен қатар, салтанатты рәсім барысында Вiz Birgemiz республикалық акциясына белсенді қатысқан және Сovid-19 инфекциясының таралуына қарсы күресте ерекше көзге түскен азаматтарды «Халық алғысы» медалімен марапаттады.

Қазіргі уақытта Павлодарда мүгедектерге, жалғыз тұратын зейнеткерлерге және азаматтардың басқа да мұқтаж санаттарына қызмет көрсететін әлеуметтік саланың 300-ден астам қызметкері жұмыс істейді. Бүгінде 15 мыңнан астам қаламыздың тұрғындары әлеуметтік қолдау мен түрлі көмек алуда.