Қала әкімі Кенжекөл ауылының тұрғындарымен есептік кездесу өткізді

Қала әкімі Кенжекөл ауылының тұрғындарымен есептік кездесу өткізді

2025 жылы ауылда абаттандыру және инфрақұрылымды дамыту бағытында бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылды. Тартан жабыны бар үш жаңа балалар ойын алаңы орнатылды, сондай-ақ демеушілік қолдаудың арқасында жаңа футбол алаңы салынды. Мешіт аумағын абаттандыру жұмыстары аяқталып, заманауи әткеншек-орындықтар, сәндік жарықтандыру және балалар ойын алаңы орнатылды.

Электрмен жабдықтау сапасын арттыру мақсатында жаңа КТП-86 орнатылып, көшелерді қайта қосу жұмыстары жүргізілді. 3,74 шақырым жаңа электр беру желісі тартылып, 68 тірек пен жарық шамдары орнатылды.

Кенжекөл ауылы қарқынды дамып келеді. Ауыл барлық қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген, бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.