Қала әкімі Павлодар қаласының тұрғындарын жұмыспен қамту шараларымен танысты

Қала әкімі Павлодар қаласының тұрғындарын жұмыспен қамту шараларымен танысты

Әлеуметтік қызметкерлер күні қарсаңында қала әкімі Е.Иманслям Павлодар қаласының жұмыспен қамту орталығында болып қайтты. Қала басшысы орталықтың жұмысымен, халыққа көрсетілетін қызметтермен танысты.

Бүгінгі таңда мемлекеттік қолдау шараларымен халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы 10000-ға жуық адам қамтылды. Техникалық және кәсіптік білім беру және қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бағдарламасы бойынша оқуға 459 адам жіберілді.

Жаппай кәсіпкерлікті дамыту шеңберінде 162 адам жаңа бизнес - идеяларды іске асыруға 200 АЕК мөлшерінде мемлекеттік гранттар алып, 377 адам "Бизнес – Бастау" жобасы шеңберінде оқуға жіберілді.

Сондай-ақ, Павлодар қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы ЖОО мен колледждердің 270 түлегі алғашқы жұмыс тәжірибесін алу және одан әрі жұмысқа орналасу үшін "Жастар практикасы" бағдарламасы бойынша жұмысқа орналастырылды.

Сонымен қатар, қала басшысы "Альрами" ҚҚ-да болып, олардың да қызметімен танысты. Қор менталдық ақаулары бар адамдарға қолдау көрсетеді, олардың жұмысының арқасында олар әлеуметтік көмек алып, жұмысқа орналасу, қарым-қатынас жасау және даму мүмкіндігіне ие болады.

Ержан Иманслям Қор басшылығына олардың жұмысы үшін алғысын айтып, Павлодар қаласының әкімдігі Қор жұмысына көмектесуге және қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.