
Ағымдағы жылы ауылда абаттандыру шаралары кешені жүзеге асырылды: 10 көшеде ұзындығы 9 км-ден асатын орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді, 5 аялдама павильоны жаңартылды, 2 жаңа балалар алаңы орнатылды және 10 бар алаң жөнделді. Сондай-ақ, Даңқ обелискісінде ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды.
Тұрғын массивтердің су басу мәселесін шешу үшін гидрогеологиялық зерттеулер жүргізіліп, ұңғымалар бұрғыланды, дренаждық жүйе орнатылды және жаңа зират аумағында су ағызу жобасы жүзеге асырылды.
Кездесу барысында тұрғындар жаңа балабақша салу мәселесін көтерді. Облыс әкімінің қолдауымен оны келесі жылдың көктемінде салуды бастау жоспарлануда. Сондай-ақ, тұрғындардың өтініші бойынша 2026 жылы дәрігерлік амбулаторияға жаңа автокөлік сатып алу қарастырылған.
Кездесу барысында көтерілген барлық мәселелер бойынша түсініктемелер беріліп, кейбір мәселелер бақылауға алынды.