
Кездесу барысында ауыл әкімі ағымдағы жылы атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Ауылда бірқатар абаттандыру шаралары жүзеге асырылды: ауыл зиратына баратын жолға қиыршық тас төселді, көше жарығының 40 шамы ауыстырылды. Тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған бес жаңа контейнер алаңы орнатылып, аялдама павильоны жаңартылды.
Демеушілердің қолдауы есебінен №47 балабақшаның қасбеті жаңартылды. Келесі жылға №38 орта мектептің жанындағы футбол алаңын және тротуарларды жөндеу, сондай-ақ №47 балабақшаға спорт алаңын орнату жоспарланған.
Кездесу барысында тұрғындар әлеуметтік сала және жер телімдерін бөлу мәселелерін көтерді.
Барлық сұрақтар бойынша түсініктеме беріліп, жекелеген мәселелер бақылауға алынды.