
Қысқы кезеңде Павлодар қаласының көшелерін қардан тазалау жұмыстарына күн сайын шамамен 250 жұмысшы және екі мердігер ұйымның – «Горкомхоз-Павлодар» және «Холдинг-Трансс-Павлодар» ЖШС-нің 300-ге жуық арнайы техникасы жұмылдырылады.
Бүгінгі таңда шамамен 200 техника жұмыс істеуде, 5 мың тоннадан астам қар шығарылды. Қарды шығару жұмыстары қаланың барлық орталық магистральдарынан және қоғамдық көлік қозғалысы қиындайтын аумақтардан тұрақты түрде жүргізіліп, кейіннен екінші дәрежелі көшелерге ауысады.
Қала әкімінің тапсырмасымен коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды. Ең алдымен көлік қозғалысы қарқынды жолдар, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кіреберіс жолдар және тұрғын үйлердің ауласына кіретін жолдар тазаланады. Сонымен қатар жолдар мен тротуарларға құм себу, қарды механикалық түрде сыпыру және жиектастар бойындағы қар үйінділерін жинап, арнайы орындарға шығару жұмыстары жүргізілуде.
Аталған мәселе бойынша тұрғындарға жол полициясына жүгіну қажет. Сонымен қатар көше-жол желісінің жай-күйіне қатысты барлық өтініштер тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне қарау үшін жолданады.
Автобус және трамвай аялдамаларындағы күту алаңдарын, сондай-ақ жаяу жүргіншілер жолдарын мұздан және тапталған қардан тазарту жұмыстары жүргізілуде. Тротуарларды тазалау жұмыстарына 18 техника тартылған: 8 құм шашқыш және 10 тротуарлық щетка.
Ішкі аумақтарды тазалауға 23 техника – 7 тиегіш, 14 самосвал және 2 жол щеткасы жұмылдырылған. Аула аумақтарын тазалау кезекпен және тұрғындардан түскен өтініштерге сәйкес жүзеге асырылады. Бұл жұмыстарға шамамен 100 техника қатысуда.
Жолдар мен тротуарларды өңдеуге қысқы кезеңге 30 мың тоннаға жуық құм дайындалған.
Қар тазалау бойынша өтініштерді 109 қызметі арқылы, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі ресми парақшалар — @akimat.pavlodar және қала әкімі @khassarkhabylbekov парақшалары арқылы қалдыруға болады.
Қосымша айта кетсек, тұрғын үйлердің маңындағы 5 метр радиустағы аумақты тазалау жұмыстарын қызмет көрсетуші ұйымдар орындайды.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.