Павлодар қаласы аумағынан қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және шығару бойынша қызмет жеткізушіні анықтау бойынша тендер өткізу туралы хабарландыру

Павлодар қаласы аумағынан қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және шығару бойынша қызмет жеткізушіні анықтау бойынша тендер өткізу туралы хабарландыру

Павлодар қаласының әкімдігі Павлодар қаласының аумағынан қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және шығару бойынша қызмет көрсетушіні анықтау бойынша тендер өткізу туралы хабарлайды.

Қызметтерді көрсету орны, қызметтердің толық тізбесі, олардың көлемі мен егжей-тегжейлі ерекшелігі тендерлік құжаттамада көрсетілген.

Қызмет көрсетудің талап етілетін мерзімі тендерлік құжаттамада көрсетілген.

Тендерге тендерлік құжаттаманың біліктілік талаптарына жауап беретін барлық әлеуетті өнім берушілер жіберіледі.

Тендерлік құжаттама пакетінің көшірмелерін 2020 жылғы 03 қараша сағат 9-00-ге дейінгі мерзімде қоса алғанда, Павлодар қаласы, Кривенко көшесі, 25, 510-кабинет, «Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ мекенжайы бойынша сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін немесе Павлодар қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсынан алуға болады: www.zhkh.gov.kz тендерлік құжаттама тегін беріледі.

Өзіңізбен бірге тендерлік құжаттама пакетінің көшірмесін алу құқығына сенімхат болуы қажет.

Конвертке желімделген тендерге қатысуға тендерлік өтінімдерді әлеуетті өнім берушілер ұйымдастырушыларға – «Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ, Павлодар қаласы, Кривенко көшесі, 25, 510-кабинет сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін ұсынады (жібереді).

Тендерге қатысуға өтінімдерді берудің соңғы мерзімі 2020 жылғы 3 қараша сағат 18-30-ды қоса алғанда.

Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады: (320466, 87755430182).