Павлодарлық полицейлер тұрақты негізде Павлодар қаласының көшелеріне патрульдеу жүргізуде. Рейдтерге учаскелік, жаяу және автопатрульдер қатысады. Қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктерді ішуге тыйым салуды бұзған азаматтарға ерекше көңіл бөлінетін болады.
Бұдан басқа, жергілікті полиция қызметі тәулік бойы жұмыс істейтін дүкендерде түнгі уақытта алкоголь өнімдерін сату, сондай-ақ, полицияда есепте тұрған отбасыларды да күн сайын тексеру жоспарлануда.
13 қазан күнгі рейд барысында көшеде алкогольді ішімдіктерді ішудің 12 фактісі анықталды. Құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 3-бөлігі бойынша хаттама толтырылып, әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін мамандандырылған әкімшілік сотқа жіберілді. Осы бөліктің санкциясы 10 АЕК сомасына әкімшілік айыппұл салынады немесе 5 тәулікке дейін қамауға алуды көздейді.
Алкогольді ішімдіктерді ішу фактілерін анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар жалғасатын болады.
Фото: Константин Шелков