Жұмыс берушілерге арналған ақпарат

Жұмыс берушілерге арналған ақпарат

«Павлодар облысы Павлодар қаласы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» қаланың жұмыс берушілерін 2021 жылға арналған сұранысқа ие мамандықтардың тізбесін анықтау үшін ынтымақтастыққа шақырады. Ұйым 2021 жылға арналған қысқа мерзімді кәсіптік оқыту мамандықтарын анықтау үшін бос жұмыс орындарының тізімін ұсынады.

Оқыту аяқталғаннан кейін жұмыс беруші жарияланған бос жұмыс орнына жұмыссызды жұмысқа орналастыруға міндеттенеді, сонымен қатар жұмыс беруші болашақ қызметкерді таңдауға құқылы.

Барлық сұрақтар бойынша: Павлодар қаласы, Ак. Бектұров көш., 115б, тел.21-54-80, хабарласа аласыз.