Павлодарда жалпықалалық сенбілік өтті

Павлодарда жалпықалалық сенбілік өтті

2020 жылдың 9 қазанынан 9 қарашасына дейін Павлодарда қала аумақтарын абаттандыру және санитарлық тазалау айлығы жарияланды.

2020 жылғы 10 қазанда Павлодар қаласында қаланы абаттандыру және тазалау бойынша жалпықалалық сенбілік өтті, оған 3000-нан астам адам қатысты.

Бұл қала тұрғындары, ПИК, кәсіпорын ұжымдары, қоғамдық ұйымдар, олар тұрғын үйлердің кварталішілік аумақтарын және кәсіпорындар мен бизнес субъектілеріне іргелес аумақтарды абаттандыру және тазалау жұмыстарын жүргізді.

Сенбілік кезінде қоқыс шығару үшін Павлодар қаласының әкімдігімен 100-ден астам арнайы техника бөлінді. Барлығы 360 тоннадан астам қоқыс шығарылды.

Сондай-ақ, сенбілік аясында көшеттер отырғызылды. Жалпы110 түрлі ағаштар отырғызылды: жаңа жағалауда (Луговая көшесі) және ардагерлер саябағында.