Павлодар қаласында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында «Таза аула» байқауы басталды. Байқауға МИБ, ҚП және көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындары қатыса алады.
Бағалау аула мен балалар алаңының санитарлық жағдайы, жарықтандыру, тақтайшалар мен гүлзарлардың болуы, тұрғындардың абаттандыруға қатысуы бойынша жүргізіледі. Ең жоғары баға – 100 балл, ал ерекше безендірулер үшін қосымша 5 балл беріледі.
Өтініштер 2025 жылдың 19 қазанына дейін sektor.monitoringa701@mail.ru электронды поштасына қабылданады. Нәтижелер 20 қазанда жарияланады.
Жеңімпаздарды құнды сыйлықтар күтеді.
☎ Анықтама телефондары: 62-33-22, 32-55-85, 32-22-45.