Қала әкімі Кенжекөл ауылдық округінің тұрғындарымен есептік кездесу өткізді

Қала әкімі Кенжекөл ауылдық округінің тұрғындарымен есептік кездесу өткізді

Облыс әкімінің Асаин Байхан қолдауымен ауыл кезең-кезеңімен абаттандырылып келеді.

Инфрақұрылымды жақсарту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды: 4 шақырым жол асфальтталды, көше жарығына 68 бағана орнатылды, ұзындығы 3,74 шақырым болатын электр желісі тартылды, тартан жабыны бар үш заманауи балалар алаңы салынды, ауыл тұрғындарының жайлы демалысы үшін шағын саябақ пайдалануға берілді.

Сондай-ақ Хасар Хабылбеков бірқатар нысандарды аралап, атқарылған жұмыстардың нәтижелерімен жеке танысты.

Тұрғындар жергілікті атқарушы органдардың жұмысына оң бағасын берді. Кездесу барысында сұрақтар мен ескертулер болған жоқ.

Ауылды абаттандыру жұмыстары жалғасын табады.