2025 жылғы 8 шілдеден бастап Павлодар қаласы әкімдігінің азаматтарды қабылдау орталығы Генерал Дүйсенов көшесі, 80 (Горсадқа қарама-қарсы)мекенжайындағы жаңа әкімшілік ғимаратқа көшеді

2025 жылғы 8 шілдеден бастап Павлодар қаласы әкімдігінің азаматтарды қабылдау орталығы Генерал Дүйсенов көшесі, 80 (Горсадқа қарама-қарсы)мекенжайындағы жаңа әкімшілік ғимаратқа көшеді

Құрметті Павлодар қаласының тұрғындары!

2025 жылғы 8 шілдеден бастап
бұған дейін Кривенко көшесі, 25 мекенжайында орналасқан
Павлодар қаласы әкімдігінің азаматтарды қабылдау орталығы
📍 Генерал Дүйсенов көшесі, 80 (Горсадқа қарама-қарсы) мекенжайындағы
жаңа әкімшілік ғимаратқа КӨШЕДІ.
🔹 Жаңа Орталықта азаматтарға жайлы қызмет көрсету үшін барлық жағдай жасалған:
✔️ кең қызмет көрсету залы
✔️ күту аймағы
✔️ электрондық кезек
✔️ жүріп-тұруы шектеулі азаматтар үшін қолжетімді орта (көтергіш платформа)
✔️ ыңғайлы тұрақ (Генерал Дүйсенов көшесі жағынан)
✔️ балалар ойын аймағы

🔹 Жаңа мекенжайға бұған дейін Кривенко көшесі, 25 мекенжайындағы ғимараттың бірінші қабатында орналасқан OPEN PAVLODAR барлық қызметтері көшеді, оның ішінде:

🟦 «Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ:

— медициналық-әлеуметтік мекемелердің арнаулы әлеуметтік қызметтерін көрсету (Черноярская жемчужина, әлеуметтік асхана)
— арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету (Ардагер, қарттар үйі)
— ақталған адамға куәлік беру
— мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау (оның ішінде онкологиялық аурулармен ауыратындар, өрттен кейін, қатты отын, жүйелі қызыл жегі, қант диабеті)
— Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру
— тұрғын үй сертификаттарын беру
— құжаттарды ресімдеу:
• протездік-ортопедиялық көмек
• сурдоаудармашы қызметтері (жылына 60 сағат)
• санаторий-курорттық емдеу
• арнаулы жүріп-тұру құралдары
• техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар
— мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу
— жалғыз тұратын мүгедектерге 3 АЕК төлеу
— балаларға (18 жасқа дейін) арналған оңалту орталығына жіберу
— еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру және ұзарту

Басқа мемлекеттік органдар:

— «Павлодар қаласы білім беру бөлімі» ММ
— «Павлодар қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» ММ
— «Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ
— «Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ
— «Павлодар қаласы жер қатынастары бөлімі» ММ
— Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді мониторингілеу және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді талдау бөлімі және өтініштермен жұмыс жөніндегі бөлімі
— «Отбасы банк» АҚ (консультациялар)

📍 Маңызды ақпарат: Кривенко көшесі, 25 мекенжайындағы ғимарат өз жұмысын жалғастыруда.
Бұған дейін бірінші қабатта орналасқан көрсетілген қызметтер ғана көшеді.

🕘 Жаңа Орталықтың жұмыс кестесі:
Дүйсенбі – жұма күндері: сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін
Түскі үзіліс: сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін

📌 8 шілдеден бастап Сіздерді жаңа мекенжайда күтеміз – Генерал Дүйсенов көшесі, 80!