1 маусымнан Орталық жағалаудағы балалар бассейні жұмысын бастады

1 маусымнан Орталық жағалаудағы балалар бассейні жұмысын бастады

Биылғы маусымда келушілердің ыңғайлылығы үшін «Бассейн PVL» Telegram-боты іске қосылды, https://t.me/PoolQueueBot.
Енді тіркеуден онлайн өтіп, жылдам, ыңғайлы және кезексіз жазылуға болады!

Ол үшін:
Telegram-дағы «Бассейн PVL» ботына кіріңіз
Қысқа тіркеуден өтіңіз
Нұсқауларға сәйкес өзіңізге қолайлы уақытты таңдаңыз

Тіркелген адам келмеген жағдайда ғана қалыпты кезекпен өтуге болады.

Алдымен Telegram-бот арқылы жазылғандарға басымдық беріледі.

Алдын ала тіркеу бассейнге баруды жайлы әрі қауіпсіз ету мақсатында қолға алынған.