3 маусымнан бастап Павлодарда жағажай маусымы ашыладs

3 маусымнан бастап Павлодарда жағажай маусымы ашыладs

ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасы су айдындарының түбін тексеріп, олардың қауіпсіздігін растады.

Сәуір айынан бастап «Орталық», «Усолка» жағажайлары мен «Қоғамдық балалар бассейніне» дайындық жүргізілді.

Орталық жағалауда 1500 шезлонг, 12 душ және 8 ауызсу фонтаны орнатылған.
«Усолка» жағажайында — 150 шезлонг, 4 киім ауыстыру бөлмесі және 4 ауызсу фонтаны бар.

Жөндеу жұмыстары жүргізіліп, күнқағарлар, пирстер, құтқару мұнаралары, душ кабиналары мен балаларға арналған шағын шомылу орындары жабдықталды. Суда жүзу барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында буйлар қойылды.

1 маусымнан бастап демалыс аймағы бар «Қоғамдық балалар бассейні» жұмыс істеп тұр. Жұмыс уақыты — күн сайын 09:00-ден 20:00-ге дейін, дүйсенбі — санитарлық күн.

Қауіпсіздікті «Элекор» ЖШС-нің 16 құтқарушысы мен полиция қызметі қамтамасыз етеді.

Жағажайларда бейнебақылау камералары орнатылған: Орталық жағажайда — 12, Усолка жағажайында — 6. Бұл бейнекамералардың барлығы ТЖД құтқару бекеттеріне қосылған.