Саябақтар, скверлер мен басқа да қоғамдық орындар – қаланың маңызды бөлігі

Саябақтар, скверлер мен басқа да қоғамдық орындар – қаланың маңызды бөлігі

Саябақтар, скверлер мен басқа да қоғамдық орындар – қаланың маңызды бөлігі. Олар әрдайым қолайлы әрі қауіпсіз болуы үшін ұдайы күтімді қажет етеді.

Қазір Гагарин саябағындағы балалар алаңында жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Қалалық бақта (Горсад) жөндеу аяқталды. Жақын арада Литвинов скверінде жаңарту жұмыстарын бастаймыз.

Ойын алаңдары мен шағын архитектуралық формалардың жағдайына ерекше назар аударылуда. Жауапты қызметкерлерге бұл нысандарды үнемі тексеріп, ақауларды жою тапсырылды.

Қалалық мүлікке ұқыпты қарауларыңызды сұраймыз. Қаланың тазалығы мен жайлылығы әрқайсымызға байланысты.