Қалалық демалыс саябағында «Жігер» клубтарының ұйымдастыруымен Bala FEST фестивалі өтті. Шараға қала әкімі қатысып, балалармен тілдесіп, олар үшін дайындалған тақырыптық алаңдармен танысты. Бұл алаңдарда балалар шығармашылықпен және спортпен қызыға айналысты.
Қатысушылар үшін сурет салу, этноойындар, шеберлік сабақтары, әдеби және спорттық белсенділіктер секілді шамамен 10 түрлі алаң дайындалды. Жалпы фестивальге 500-ден астам оқушы қатысты.
Мұндай бастамаларды қолдау – басым бағыттардың бірі. Себебі балаларға мазмұнды бос уақыт ұйымдастыру – олардың дамуына және белсенді, жан-жақты ұрпақ қалыптастыруға қосылған маңызды үлес.