Биыл Павлодар қаласында 17 шағын саябақ абаттандырылады — бұл тұрғын үйлерге жақын жерлерде орналасқан шағын демалыс аймақтары.
Бүгінде екі жерде жұмыстар аяқталды:
• Назарбаев көшесі, 309 (Достық шағын ауданы)
• Ломов көшесі, 154/4.
Қазір тағы үш жерде жұмыстар белсенді жүргізілуде:
• Луговая көшесі (жағалау маңында)
• Назарбаев көшесі, 3/1
• Авиақалашық (қала әкімінің тапсырмасы бойынша).
Барлық нысандарды шілде айының ортасына дейін аяқтау жоспарлануда.
Тұрғындардың жайлылығы үшін саябақтарда көлеңкелік шатырлар мен орындықтар орнатылады.
Хасар Хабылбеков қызметтерге жұмысты сапалы және қала тұрғындарының тілектерін ескере отырып атқаруды тапсырды.