«Заң және тәртіп» Жолдауын орындау шеңберінде тұрғындармен кездесу өткізілді

«Заң және тәртіп» Жолдауын орындау шеңберінде тұрғындармен кездесу өткізілді

Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсу, қоғамдық оптимизм» Жолдауын іске асыру шеңберінде 2025 жылғы 17 ақпанда  қадағалау, құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің Атамекен кентінің тұрғындарымен кездесуі өтті. 

Атамекен кентіндегі тұрғындармен кездесуді Павлодар қаласының прокуратурасы, экономикалық тергеу департаменті, полиция басқармасы және ішкі саясат бөлімі өкілдері өткізді. Әр сала мамандары қызметі мен қоғамда кең таралған әлеуметтік мәселелерге қарсы тиімді күрес әдістері туралы айтты. Полиция қызметкерлері жасөспірімдердің есірткі таратуға деген қызығушылығын, ал экономикалық тергеу департаментінің өкілдері қаржылық сауаттылық тақырыбын көтеріп, алаяқтық схемалардан қаражатты қорғау туралы түсіндірді.