Жастарға арналған құқықтық мәселелер бойынша кездесу

Жастарға арналған құқықтық мәселелер бойынша кездесу

 Бүгін Атамекен кентінің Жаяу Мұса атындағы Мәдениет үйінде жастарға арналған құқықтық мәселелер бойынша кездесу өткізілді.

Кездесудің спикерлері:
• Жұматов Ғазиз Мұратұлы – Әділет департаментінің бас маманы, азаматтардың, соның ішінде студенттер мен жас кәсіпкерлердің құқықтары мен міндеттері туралы айтты.
• Шахманов Азат Ертарғынұлы – Экономикалық тергеу департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі, қаржылық қылмыстар мен экономикалық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік мәселелерін қозғады.
• Абраимов Талғат Маратұлы – учаскелік полиция инспекторы, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтық қорғалуы туралы түсіндірді.
• Есимханова Әлия Қаратаевна – Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша Департаментінің превенция басқармасының бас маманы, сыбайлас жемқорлықты анықтау және оның алдын алу механизмдері туралы баяндады.

Кездесу барысында қатысушылар мамандарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Шара құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған ашық диалог форматында өтті.