Айдагольская көш. балалар ойын алаңы орнатылды

Айдагольская көш. балалар ойын алаңы орнатылды

«Мерей & LTD» ЖШС мердігерлік ұйымымен Айдагольская көшесінде балалар ойын алаңын орнату жұмыстары жүргізілді. Барлығы ағымдағы жылда 2 балалар ойынын орнату жоспарланды. Бірінші балалар ойын алаңы Мақажанов көшесінде маусым айында орнатылды. 

Алаң заманауи ойын элементтерімен жабдықталған және қауіпсіздік талаптарына сәйкес келеді.
Балалар үшін жайлы және қауіпсіз орта құру-біздің кентімізді дамытудың басымдықтарының бірі.

Кентіміздің тұрғындарынан қоғамдық орындардағы дүние-мүлкіне қамқорлық жасауды сұраймыз. Кентті абаттандыру тек әкімдіктің қолында ғана емес, әрқайсымыздың ұқыпты қарауымызда.