«Павлодар облысы әкімдігінің 2022 жылғы 10 ақпандағы «Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» №36/1 қаулысына
өзгеріс енгізу туралы»
Павлодар облысы әкімдігі қаулысының жобасына
баспасөз-релиз
Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы «Павлодар облысы әкімдігінің 2022 жылғы 10 ақпандағы «Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» №36/1 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Павлодар облысы әкімдігі қаулысының жобасын әзірледі (әрі қарай – Жоба).
Жоба Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» 590 қаулысына, Павлодар облысы әкімдігінің 2023 жылғы 6 қазандағы «Туризм саласындағы функцияларды беру туралы» № 244/3 қаулысына сәйкес дайындалды.
Жобаны қабылдау басқарманың құзыретін айқындау үшін қажет.
Жобаны қабылдаудың теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе салдары жоқ.
Жоба «Ашық НҚА» порталында 2023 жылғы 09 қарашада орналастырылды, сондай-ақ, облыстық Қоғамдық Кеңеске ұсыным алу үшін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптамаға жолданды.
орынд: Бутенов С.С..
61-93-82