«Павлодар қаласында мұз сарайын салу және пайдалану» жоспарланған жобасына мүдделерін білдіруді сұрау

«Павлодар қаласында мұз сарайын салу және пайдалану» жоспарланған жобасына мүдделерін білдіруді сұрау

«Павлодар қаласында мұз сарайын салу және пайдалану» жоспарланған жобасына мүдделерін білдіруді сұрау

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а.                      2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларының 18-тармағына сәйкес кәсіпкерлік субъектілерін тарту мақсатында «Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ «Павлодар қаласында мұз сарайын салу және пайдалану» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын жоспарлағаны туралы хабарлайды.

Жоба мыналарды көздейді:

1) жобаны іске асыру саласы – дене шынықтыру және спорт;

2) жоба іске асырылатын орын – Павлодар қаласы, «Достық» шағынауданы;

3) Мұз сарайының болжалды техникалық-экономикалық параметрлері.

- Мұз аймағы: конькимен сырғанау трегі 400 м, өлшемі 60 х 30 м еуропалық стандарттағы хоккей қорапшасы, өлшемі 56,0 х 26,0 м канадалық стандарттағы хоккей қорапшасы;

- 2500 отыратын орынға есептелген көрермендер мінберлері;

- Мұз аймағының спортшыларына арналған киім ауыстыратын бөлмелер.

- Әкімшілік-шаруашылық үй-жайлар.  

- Киім ауыстыратын бөлмелері бар фитнес залы

- Құрғақ шынығуға арналған зал

- Фудкорт

4) құрылыс кезеңі – 24 ай

5) пайдалану кезеңі – кемінде 60 ай

6) жобаның мақсаты мен міндеттері – Павлодар қаласының «Достық» шағын ауданында Мұз сарайын салу спортшылар үшін ыңғайлы жағдай жасап, сондай-ақ кәсіби деңгейдегі сапасы жоғары және қауіпсіз жарыстарды қамтамасыз етеді;

7) Бюджеттен көзделетін төлемдер және (немесе) мемлекеттік қолдау шаралары: «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңның 9-бабы, 2-тармағының 1)-тармақшасы негізінде Қызметтерді жүзеге асыру.

Ұсыныстар мүдделерін білдіру сұрауын жариялаған сәттен бастап бір ай ішіде Павлодар облысы, Павлодар қ., Мәшһүр Жүсіп к-сі, 170-құрылыс, мекенжайы бойынша тел. 87182619400, эл.пошта: pavlodaroblsport@mail.ru 2023 жылғы 9 қарашадан кешіктірмей қабылданады. Жауапты тұлға: «Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ бұқаралық-дене тәрбиесі жұмысы бөлімінің басшысы Әсел Ержанқызы Қожанова.