Павлодар облысының командасы еркін күрестен ҚР чемпионы

Павлодар облысының командасы еркін күрестен ҚР чемпионы

Қарағандыда еркін, грек-рим және әйелдер күресінен Қазақстан чемпионаты басталды.
Еліміздің қалалары мен облыстарының мықты балуандары республикалық біріншілікте жеңіс жолында күресуде.  

Турнирдің бірінші күнінде Мамед Ибрагимов пен Азат Сақаев алтын және қола медальды қанжығаларына байлады.

Чемпионаттың екінші күні еркін стильдегі Павлодар облысының балуандары Рифат Сайботалов (65 келі), Абдыманап Байгенжеев (92 келі), Расул Хатаев (125 келі) чемпионаттың қола жүлдегері атанды.

Жарыс қорытындысы бойынша Павлодар облысының командасы Қазақстан Республикасы чемпионатында Ақтөбе және Қарағанды ​​облыстарын басып озып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді.

97 келі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанған Мамед алдағы Әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын болады.
9-19 тамыз аралығында Түркия Республикасының Конья қаласында өтетін V Ислам ынтымақтастық ойындарында ұлттық құрамасы сапында Абдыманап Байгенжеев пен Мамед Ибрагимов өнер көрсетеді.