Павлодарлықтар ұлттық құрама қоржынына екі алтын, төрт қола медаль салды

Павлодарлықтар ұлттық құрама қоржынына екі алтын, төрт қола медаль салды

24-25 маусым аралығында Мәскеуде қоян-қолтық ұрыстан «Достық кубогы-2022» әлем кубогының кезеңі өтті.
Турнирге 18 елден 150 спортшы қатысып, 26 жүлделер жиынтығы сарапқа салынды.

24 маусым күні «Өзін-өзі қорғау» және «Өзін-өзі қорғау 1+1» тәртібі бойынша жекпе-жек өтті.

Павлодар облысының 6 спортшысы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсетті.
Кубок қорытындысы бойынша барлық спортшылармыз жеңіс тұғырына көтерілді.
І орын иегерлері:
Вальтер Сергей;
Саакян Владимир.
ІІІ орын иегерлері:
Смоленкова Евгения;
Бредихин Сергей;
Харти Иван;
Махмутов Ринат.