Мамед Ибрагимов еркін күрестен Қазақстан Республикасының чемпионы

Мамед Ибрагимов еркін күрестен Қазақстан Республикасының чемпионы

26 маусымда Қарағандыда грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды.

1 шілдеге дейін жалғасатын жарыс «Қарағанды ​​Аренада» өтуде.

97 келі дәрежесінде жерлес палуанымыз Мамед Ибрагимов қарағандылық Серік Бахытқановпен белдесті. Тарсты ақтық кездесу барысында Серіктің басым ұпайына қарамастан, Мамед 40 секунд ішінде қарсыласын қапы қалдырып, облыс қоржынына алтын жүлде салды.

Сонымен қатар, 74 келі салмақта Сакаев Азат жеңіс тұғырына көтеріліп, Қазақстан Республикасының чемпионатының қола жүлдегері атанды.