Баянтау спорт сарайында қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турниріне «Павлодар Барысы» облыстық іріктеу жарысының қорытындысы шығарылды.

Турнир жеңімпазы болып Екібастұз спортшысы Ислам Махамбетов танылды. Жарыста 2 орынды Баянауыл ауданынан Мұхтар Дәлелханұлы жеңіп алды, ал 3 орынды екібастұздық Әділет Нұрпейісов иеленді.

Жеңімпаздарды марапаттауға «Павлодар облысының қазақ күресі федерациясы» қауымдастығының президенті, Ақсу қаласының әкімі Нұржан Әшімбетов, Павлодар облысының туризм және спорт басқармасының басшысы Рахметолла Қасқырбаев, «Nur Otan» партиясының өкілі Жәмила Эрназарова қатысты.

Турнир жеңімпаздарына марапаттар мен ақшалай сертификаттар берілді. Іріктеу турнирінде бірінші және екінші орын алған балуандар «Қазақстан Барысы» республикалық жарыстарында үздік атану үшін күресетін болады.