Майский район
Меню

Акимат Майского района

ГУ «Аппарат акима Майского района» является исполнительно-распорядительным органом осуществляющим организационно-правовое, информационно-аналитическое и материально-техническое обеспечение деятельности акима района.

Осуществляет свою деятельность в соответсвии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан,  иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

Адрес 140800, Павлодарская область, Майский район,
с. Коктобе, ул. Абылайхана, 34
Контактный телефон +7 (71838) 91-1-07, +7(747) 370-85-18
Приемная +7 (71838) 91-3-56
E-mail kense.amr@pavlodar.gov.kz
1
Страницы
Деятельность
Документы
Пресс-центр
Контакты
Аппарат акима
gov@nitec.kz

Қадірменді мұсылман бауырлар, құрметті жерлестер!

Қадірменді мұсылман бауырлар, құрметті жерлестер!

Сіздерді әлемдегі барша мұсылмандардың ұлық мерекесі – Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Құрбан айт баршамызға мүбәрак болсын!

Дін тірегі-имандылық. Имандылық әр адамды тек жақсы қасиеттерге тәрбиелейді. Әділет, парасат жолымен ғана жүруге үндейді. Тәуелсіздікке қол жеткізгелі бері діліміз, тіліміз, дініміз қайта оралып, ізгі еліміз күн санап өркендеуде. Айрандай ұйыған ұлт өкілдері арасында қалыптасқан достық, келісім арқасында қазақ жерінде 140 этнос пен 17 конфессия бейбіт қатар өмір сүріп жатыр. Ауданымыздың мұсылман қауымы осында тұрып жатқан өзге дін өкілдерімен өзара бірлікте тату-тәтті өмір сүріп келе жатқандығын мақтан етуге болады.

Еліміздің барлық азаматтары өздері таңдаған дінді уағыздап, өздерінің туған тілінде сөйлеп, мәдениеті мен салт-дәстүрлерін сақтауда. Мұның бәрі мемлекетімізде адамның құқықтары мен бостандықтарына, наным мен сенім еркіндігіне кепілдік беретін демократиялық қағидаттардың беріктігін білдіреді. Бұл жыл баршамыз үшін үлкен сынақ болып отыр. Қатерлі індет елді жайлағалы баршамыз әулет болып отбасылық және діни мерекелерді тойлауды тыйдық. Өзімізді және туған-туысқандарымызды пәледен сақтау үшін осындай шараларға баруға мәжбүрміз. Әлем болып күресіп жатқан індетімізді бәріміз бірлесе отырып қана жеңеміз. Бүгінгі күннің өзінде еліміздегі ахуал оңтайланып келе жатыр. Бұл дегеніміз-жарқын күндеріміз жақын қалды. Сондықтан баршамыз сабыр сақтап, бұл қасиетті айтта Алладан тек елемізге амандық пен саулық тілейік.

Ендеше, қадірменді ағайын, әр шаңыраққа шалқыған шаттық, баянды бақыт, қуаныш әкелетін барлық әлем мұсылмандарының мерейлі мерекесі Құрбан айтпен тағы да құттықтай отырып, әрбір отбасына бақыт, береке тілеймін. Құрбан айт құтты болсын! Ізгі ниеттеріңізге нұр жаусын!

 

Құрметпен, аудан әкімі Марат Ақтаев

Дата публикации
31 July 2020
Направления деятельности
Популярные новости
Социальные медиа
Instagram
Facebook
Меню подвал
Цели устойчивого развития
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Президента РК
Послания Президента РК
Виртуальная Приемная
Государственные символы РК
Сайт Парламента РК
Открытое Правительство
Законодательство
Структура Правительства РК