2025 жылғы 20 қаңтардан 20 ақпанға дейін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу жариялануда.
Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар:
1. Қазақстан Республикасының азаматтығы.
2. 18 жастан бастап, бірақ 35 жастан аспауы қажет.
3. Жоғары заң білімі.
Алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеуге қатысу үшін үміткерлер:
1) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда (құқық қорғау қызметінің лауазымдарына арналған 1 бағдарлама бойынша) тестілеуден, және жеке қасиеттерін бағалаудан өту (құқық қорғау қызметінің лауазымдарына арналған 2 бағдарлама бойынша);
2) құқық қорғау органдарының аумақтық бөлімшелеріне (түсу үшін жоспарланған органға) мынадай құжаттарды тапсыру:
- белгіленген үлгідегі өтініш;
- Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- білімі туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес нострификациялау немесетану рәсімінен өткенін растайтын құжаттар (шетелдік білім беру мекемелері берген дипломдар үшін, салыстыру үшін түпнұсқалары);
- жақын туыстарын, оның ішінде белгіленген нысан бойынша бұрынғы жұбайларын көрсете отырып, өз қолымен жазылған толық толтырылған өмірбаян;
- кез-келген аймақта қызмет етуге келісім беру туралы өтініш;
- әскери билет немесе тіркеу куәлігін тапсыруы қажет.
Ұсынылатын құжаттар көшірмелері нотариалды куәландырылған болуы тиіс.
Құжаттарды қабылдау Лермонтова к., 3 ғимарат мекен-жайы бойынша жүргізіледі (Павлодар обласының прокуратурасы).
Байланыс телефондары 8 (7182) 315082, 315130, 8 771 814 84 80
https://www.instagram.com/p/DFFZRhrs49J/?igsh=bWVteWEwaTByZDhh