Қазпочта ШОБ арналған жаңа сервисті іске қосты

Қазпочта ШОБ арналған жаңа сервисті іске қосты

Қазпочта ШОБ арналған жаңа сервисті іске қосты

Visa халықаралық төлем жүйесінің қолдауымен, Қазпошта POS Mobile брендімен Tap-X-Phone технологиясын енгізді. Енді кәсіпкерлер қымбат pos-терминалдарды сатып алмай, жаңа қосымшаны смартфондарына жүктеп алып, бизнестерін үнемді және функционалды нұсқасына көшіре алады. Клиенттер төлем картасын, смартфонды немесе басқа смарт-гаджетті пайдаланып, тауар ақысын төлей алады. Ұсынылған цифрлық технология төлем инфрақұрылымын дамытып, Қазақстандағы байланыссыз төлемдердің ену қарқынын арттыруға мүмкіндік береді.
«Қазпоштаның POS Mobile сервисі NFC технологиясымен қарапайым смартфонды POS-терминалға айналдыруға мүмкіндік беретін мобильді эквайринг саласындағы жаңа мүмкіндік. Кәсіпкерлер байланыссыз банктік карталар мен NFC бар ақылды құрылғыларды қабылдай алатындығына қосымша, дүкенде жүргізілген кез-келген операцияларды қашықтықтан бақылай алады. Оларға тек Tap-X-Phone технологиясы бар смартфон керек».
POS Mobile сервисі арқылы төлемдер Visa және Mastercard карталарынан қабылданады. Компания сонымен қатар «Әлеуметтік карта» жобасын мектеп оқушыларының тамақтану ақысын төлеу және Қазпоштаның серіктес сауда нүктелеріндегі қызметтердің ақысын төлеу үшін пайдалануды жоспарлап отыр.
Барлық сұрақтар телефон арқылы: 8 (7182) 32-34-88