Май ауданы Малайсары ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы

Май ауданы Малайсары ауылдық округінің                                                    әкіміне кандидаттарды  тіркеу қорытындылары туралы

2024 жылғы 17 наурызда отырыс нәтижесінде Май аудандық аумақтық сайлау комиссиясы "2024 жылғы 07 сәуірге тағайындалған Май ауданы Малайсары ауылдық округіне әкімдеріне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы" қаулы қабылдады.

 

Отырыста комиссия төрағасы М.В. Кішкеналина сөз алды, ол 2024 жылғы 17 наурызда сағат 18.00-дегі жағдай бойынша ұсынылған 3 кандидаттың ішінен 3 кандидат тіркелді

 

Оның ішінде: 3 (100%) – ер адамдар. .Үміткерлердің орташа жасы - 42-жас. Ең үлкен үміткер – 60 жаста, ең жас - 26 жаста.

 

Мамандықтары бойынша үміткерлер: 1-сәулетші,1-металлургия, 1-инжинер-электрик.

Үміткерлер арасында 2-мемлекеттік қызметшілер,1-коммерциялық құрылымның өкілі.

 

2024 жылғы 17 наурызда сағат 18-00-ден бастап Малайсары ауылдық округінің әкіміне тіркелген барлық кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт-насихатқа кірісуге құқығы бар, ол 2024 жылғы 06 сәуір сағат 00:00 дейін жалғасады.

 

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының "кандидаттарға бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу үшін қаражат бөлу қағидалары мен көлемін бекіту туралы" 2018 жылғы 25 тамыздағы № 12/202 қаулысына сәйкес кандидатқа өз бағдарламаларымен БАҚ - та сөз сөйлеу үшін: теледидарда - 15 минут; радиода-10 минут; мерзімді баспасөзде жариялау үшін қаражат бөлу көзделген басылымдарда немесе желілік басылымдарда 0,1 баспа парағынан аспайды. Барлық кандидаттарға заңнамамен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін тең жағдайларға кепілдік беріледі

Аты-жөні

Туған жыл

Атқаратын лауазымы (кәсібі), жұмыс және тұрғылықты жері

Малайсары ауылдық округі

Кабдашкуров Алмаз Кайыртасович

1984

 " Май ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ, бас маман. Көктобе ауылы.

Кожабеков Ержан Борашевич

1964

Малайсары ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ, бас маман. Көктобе ауылы.

Қайролла Аспандияр Әділбекұлы

1997

 " Кастинг" ЖШС ҚФ болат балқыту өндірісі тобының инженері технологы". Ақсу қаласы.