2023 жылы 17 қараша күні Ақсу ферроқортпа зауытының «Металлург» спорт кешенінде Павлодар облысының азаматтық қорғау ардагерлері арасында шағын футболдан турнир ұйымдастырылды. Май елінен спорт және азаматтық қорғау ардагері Адамжанов Ақылбек Майданұлы қатысып, турнирдың «Үздік ойыншы» номинациясына ие болды. Жастарға үлгі тұтар ағамызға үлкен алғыс білдіреміз!