Ағымдағы жылдың 21-23 қыркүйек күндері Абай облысы, Жарма ауданы, Қалбатаудың етегіндегі осы аттас ауылда еркін күрестен 2009 ж.т. және одан кіші жасөспірімдер арасындағы жас спортшыларды еске алуға арналған Ашық облыстық турнир ұйымдастырылды. Жарысқа Абай облысы, Шығыс-Қазақстан облысы, Түркістан облысы, Қарағанды облысы және біздің облысымыздың намысын қорғаған Май елінің еркін күрес палуандары қатысты. Май елінен барғандар жүлделі орындарға ие болды, атап айтсақ 57 кг. салмақ дәрежесінде Каузханов Изат 2-орынға, Қайсарұлы Ақжол 3-орынға, Маженов Мырзаш 5-орынға ие болды, Майдан Шәди өз салмақ дәрежесінде жақсы өнер көрсетіп «Жеңіске деген құштарлығы үшін» номинациясының иегері атанды , бапкерлері Сыздыков Серік Қасқырбайұлы. Құттықтаймыз!